Қарағанды әкімінің орынбасары ұсталды

14 Қыркүйек 2020, 12:03
Сурет: karagandaNV

Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 12 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар бөлімінің қызметкерлері Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары - Жақсылық Шалабековті ұстады.

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары – Жақсылық Шалабековті ұстады. Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда, атап айтқанда 2018 жылы Қарағанды қаласында "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражаттарын алдын ала сөз байласу жолымен адамдар тобында ұрлауда және талан-таражға салуда күдікті болып табылады. Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірілген. Қазіргі уақытта Шалабеков соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды, делінеді Қарағанды облысы прокуратурасының хабарламасында.

Тергеу жүргізілуде және оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды

Бұған дейін Қарағанды ​​облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлары басқармасы мердігерг компания - "DCT Казахстан" ЖШС директорына қатысты сеніп тапсырылған мүлікті иемдену (ысырап ету) фактісі бойынша аса ірі көлемде қылмыстық іс қозғады.

Кәсіпорын басшысы 2018 жылы "Нұрлы-Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды ​​қаласында ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Салдарынан мемлекетке 107 миллион теңге залал келтірілді.

Қазіргі уақытта ЖШС директоры соттың мақұлдауымен 2 айға қамауға алынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?