Жаңалықтар тізбегі
0

Бір миллион доллар бопсалаған: Алматы қаласы бойынша МКД қызметкері ұсталды

kavkazplus.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2019 19:45 kavkazplus.com
Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҚР Бас прокуратурасы мен ҰҚК бірлесе отрып, 19-қаңтар күні бопсалау және пара алды деген күдіктілерді тұтқындау шарасын жүргізді. Бұл туралы zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бақылау органының хабарлауынша, 2019 жылғы 19-қаңтарда Бас прокуратура Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері - Д. Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Д. Әлпиев пен Э. Сүлеймановты тура қылмыс үстінде ұстады.

"Аталған адамдар "БТА Банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасынан алаяқтық жолмен 1 млн АҚШ долларын бопсалаған. Олар параны Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің өндірісінде жатқан қылмыстық істі шешіп беру үшін талап еткен. Бірақ, бұл ретте Ысқақов аталған қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомства аралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген", - деп хабарлады Бас прокуратураның өкілдері.

Алматының мамандандырылған тергеу сотымен Ысқақов, Әлпиев және Сүлеймановқа қатысты "тұтқынға алу" шарасы бекітілді.

"Аталған іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайды", - деп қорытты ведомствадағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: