Ақтөбелік әйел жүргізуші куәлігін жасату үшін алаяққа 300 мың теңге бере салды

kapital.kz kapital.kz
Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмас үшін аса сақ болуға шақырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бейтаныс адамдарға құнды заттар мен ақшаны беру кезінде қырағылық таныту қажет.

Мәселен, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде полицияға 31 жастағы ақтөбелік әйел жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз ер адам оған жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген.

Әйел 2018 жылғы 25 қазанда оған сол қызметі үшін 300 мың теңге берген, алайда алаяқ оны алдап, ақшасын иемденіп кеткен. Күдікті ұсталып, жасаған қылмысын мойындады.

2020 жылдың 9 қыркүйегінде полицияға қаланың 44 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол жиһазға тапсырыс беру кезіндегі жасалған алаяқ дерегі туралы айтты.

2020 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында әйел Ақтөбе қаласының 27 жастағы тұрғынына пәтерге жиһаз дайындағаны үшін 175 мың теңге сомасында ақша берген, алайда ер адам ақшаны алып, хабарсыз кеткен.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.

Аталған факті негізінде "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zkadm
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз