Әйелі тастап кетті. Жалғызбасты әке 4 баласын өзі бағып отыр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 22:52 видеодан кадр
Жылағың келеді де былай, балалар сұраған кезде. Сұрайды. Біздің мамамыз қайда. Неге келмей жатыр.

"Мені өмірге әкем әкелген". Өз анасы тастап кеткен ағайындылар осылай дейді. Отағасы ұл-қызы үшін оқу құралдарын ұрлаймын деп істі де болған екен. Оны мұндай қадамға жоқшылық итермелеген көрінеді. Жалғызбасты әке Айтан Мұқашев қазір 4 баласын өзі бағып-қағып отыр. Жұбайы 3 жыл бұрын отбасын тастап, өзге еркекпен көңіл жарастырған. Елордада тұрып жатқан отбасы көмектің қайбір түріне зәру, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айтан Мұқашев, жалғызбасты әке:

Сені кім туды десе, папа туды дейді.

Балақайдың бұлай дейтін реті бар. Ес білгелі көргені тек әкесі. Анасы үйден кеткенде ол құндақта жатқан сәби еді. Ал Ақерке керісінше мамасының сұлу жүзін әлі ұмытпапты, сағынам дейді.

- Мамамды қатты сағындым. Мен кішкене өскен соң көргенмін оны.

- Мама қандай болды, есіңде ме? Әдемі ме?

- Иә, әдемі.

- Сағынып кеттің бе?

- Мхм.

Сүйіп қосылған жарымен Айтан аға 8 жыл бірге тұрып, 4 перзент көрді. Жұмыссыздық, одан қалды ауылдың қымқуыт тірлігі жұбайын тура жолдан тайдырғанға ұқсайды. Ат ізін салмай кеткеніне міне, 3 жыл.

Айтан Мұқашев, жалғызбасты әке:

Көкшетауда жұмыста жүрген кезде ауылдың учасковыйы звондады. Осылай келіншегің кетіп қалыпты балаларды тастап деп.

Содан бері ана орнына ана, әке орнына әке. Кейде тіпті азамат басымен көз жасына ерік беретін кездер де болады.

Айтан Мұқашев, жалғызбасты әке:

Жылағың келеді де былай, балалар сұраған кезде. Сұрайды. Біздің мамамыз қайда. Неге келмей жатыр. Балалардың мамасы бар. Балалар да сұрайды екен, мамаларың қайда деп. Сөйтіп айтады. Сол кезде жылағың келеді. Бірақ кешкісін 4 перзентің 4 жақтан қаумалаған кезде шаршағаның басылып, қиындықтың көбі ұмтылады. Шүкір дейсің. Балалар да ерте есейген секілді. Орынсыз есірмейді, еркеліктері де ерекше. Қазір үйреніп келе жатырмыз. Балаларым да өсіп қалды. Қызым қазір 10 жаста. Одан кейін ұлым 8-де, 6-да, 4 жаста ұлым. Қазір бұлар да өздеріне, бір-біріне қарайды.

Нұргүл Мұхамеджанова, Айтан Мұқашевтің анасы:

Қорқақтайды үйленуге. Балаларын ұрып-соғып кетеме деп, адамдар әртүрлі гой. Қандай адам кездеседі. Үйлен деп жатырмын. Балаларыңа қарайтын адам керек.

Алақандай ғана 27 шаршы метр баспанада қазір 7 бірдей жан тұрып жатыр. Аядай жерде аяқ алып жүрудің өзі қиын. Одан қалды балалардың оқуы бар. Әкенің смартфоны онлайн сабақтан босамайды көбіне.

"Балалардың тазалығына да қарау керек. Қолым бос уақытта осылай үй жинап, киімдерін жинап, сөмкелерін, оқу құралрадын дұрыстап дайындап қоям".

Бірақ Айтан ағаны жалғызбасты деуге келмес сірә. 4 баласы 4 құбыласы секілді.

Айтан Мұқашев, жалғызбасты әке:

Енді балаларымды өсіп жеткізіп, оқуларын оқытып, қалаған мамандықтарымен жұмыс істесін деп. Соған енді шамам келгенше өзім қастарында жүрем.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: