Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қырғызстанда тау көшті

Қазір әлі көшіп жатыр.

Сурет : видеодан кадр15 Қыркүйек 2020, 08:38

Қырғызстанның Кара-Кече көмір кенінде тау көшті, деп хабарлайды zakon.kz.

Көмір кені бар Жумгал ауданы әкімі Адыл Сапаровтың Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарлауы бойынша, көшкін 14 қыркүйек күні, күндізгі сағат 12 шамасында жүрген. Тау құлап, Жумгал - Кара-Кече тас жолының бір шақырымнан астам жері жабылып қалған.

"Көшкен таудың көлемі шамамен миллион текше метрден асқан. Қазір әлі көшіп жатыр", - деді әкім.

Бастапқы мәліметтер бойынша көшкіннен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда жол жөндеу басқармасының және төтенше жағдайлар министрлігі қауіптің алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы Қырғызстанда таут-кен саласындағы кәсіпорындарда 20 қайғылы оқиға болып, жеті жұмысшы қаза тапқан. 13 жұмысшы ауыр жарақат алған. 2019 жылдың қазан айына дейін алты оқиға тіркеліп, үш жұмысшы қаза тапты және үшеуі ауыр жарақат алды. 10 желтоқсанда Сүлүктү қаласындағы шахтада газға уланып, төрт адам көз жұмды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер