Жаңалықтар тізбегі
0

"Гарант 24"пен "ESTATE" ломбардтары қожайындарынан құны 2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2020 18:54 видеодан алынды
Ал олар жұртқа 22 млрд теңгенің залалын келтірген.

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларына қатысты 217 қылмыстық істі тергеп, оның 116-сы сотқа жолданды, жалпы осы сипатта 79 адам жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біздің азаматтарға орасан зиян келтірген 13 түрлі ұйымға қатысты ең резонансты қылмыстық істер де тергеліп жатыр. Мысалы, "Garant 24" ,"ESTATE" және "Выгодный" займ"ломбардтарының үстінен 17 мыңнан астам азамат (17 045) талап-арызбен жүгінді, бұл арада 22 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді, - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов онлайн брифинг кезінде.

Оның айтуынша, аталған ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркеліп, 51 адам жауапқа тартылып жатыр. Күдіктілерден 70 миллион теңгеден астам ақша, олардың қылмыстық әрекеті кезінде алынған әртүрлі мүліктер (15 автомобиль, 2 жүк самосвалы, 2 автокран, қарда жүретін көлік, 29 пәтер, 6 үй, 3 жер телімі, 5 автотұрақ, 1 кешен (кафе-бильярд бөлмесі) тәркіленді.

- Күдіктілерден тәркіленген мүліктің жалпы құны 2 миллиард теңгеден асады. Кейін қылмыстық істер сотқа жіберілгеннен кейін келтірілген зиянды өтеу және тәркіленген мүлікке меншік құқығын анықтау туралы барлық мәселелер сотта қаралатын болады, - деді Әділов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: