Қазақстанның екі өңірінде 1,5 млрд теңгенің акцизсіз темекі өнімдері тәркіленді
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Павлодар облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен бірлесіп ауқымды операция жүргізді. Оның барысында 1,5 млрд теңгенің акцизсіз темекі өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір мезгілде екі өңірде үш жүк автокөлігі тоқтатылды. Оларды тексеру кезінде акцизсіз, жалпы саны 2 млн бумадан астам түрлі маркалы темекі табылды. Ал жүк көліктерінің жүргізушілері сантехниканы тасымалдауға арналған құжаттарды көрсеткен.
Аталған облыстардың мемлекеттік кірістер департаменттерінің мамандары темекі өнімдерінің нарықтық құнын анықтады. Ол 3 млн АҚШ долларынан немесе 1,5 млрд теңгеден асады.
"Жиналған материалдар экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өңірлік департаменттеріне берілді. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript