Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Тұмауға қарсы вакцина алуға бей-жай қарамаңыздар – К.Надыров

Ресейден 130 мың доза көлеміндегі үшвалентті тұмауға қарсы "Гриппол Плюс" вакцинасы сатып алынды.

Сурет : pixabay.com15 Қыркүйек 2020, 15:53

Бүгін Алматыда тұмау және ЖРВИ сияқты маусымдық ауруларға қарсы халыққа вакцинация егу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыров маусымдық аурулардың коронавирус инфекциясына қабаттасу қаупіне байланысты вакцинацинаны пандемия кезінде алудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

"Биыл біз вакцина салдыруға жауапкершілікпен келіп отырмыз, себебі коронавирус пандемиясы кезінде аурулар қабаттасып кетуі мүмкін. Осы жағдайды ескере отырып, алматылықтарды әріптемтерімнің вакцина алуға шақыруына бей-жай қарамауларын, сол арқылы пандемия және маусымдық аурулар өршіген уақытта тұмаумен ауыруды бәсеңдетуге шақырамын. Сатып алынған вакцина бұрыннан жақсы танылған және халыққа бірінші жыл егіліп жатқан жоқ", - деп атап өтті Камалжан Надыров.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті бюджет қаражатына қауіп тобындағы адамдарға тегін вакцина егу үшін Ресейден 130 мың доза көлеміндегі үшвалентті тұмауға қарсы "Гриппол Плюс" вакцинасы сатып алынды. 2020 жылдың қазақ айында корононавирус инфекциясы пандемиясын ескере отырып, қосымша 300 мың доза жеткізіледі деп күтілуде.

Атап өтетін жайт, биылғы жылы Алматыда вакцинация пандемияға байланысты жыл сайынғы маусымынан ерте басталды және осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер