Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан вакцина сатып алуға қанша қаражат жұмсады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 23:34 zakon.kz
Жалпылай, 14,28 млн доза - Sputnik V, 1 млн доза - Hayat-Vax, 2,97 млн ​​доза - QazVac, 500 мың SinoVac сатып алынды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды сатып алуға қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Құны бойынша (вакциналар - шамамен), біз тауар жеткізушілердің келісімшарттары құпия сақталатынын ескере отырып, ондағы цифрларды жариялауға олардан рұқсат сұрадық. Бірақ бұл арадағы барлық цифрлар мен бағалар - зауыттардың ресми бағасы болып табылады, яғни басқа елдерде де мұндай баға бар. Біз әр компаниядан бағаны жариялауды сұрадық. Вакциналардың құны туралы жалпы мәліметтерді айтуға болады. Биыл вакцина сатып алуға 95,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл 10 миллион 890 мың адамға арналған, - деді ОКҚ-дағы брифингіде Денсаулық сақтау министрі.

Жалпылай, 14,28 млн доза - Sputnik V, 1 млн доза - Hayat-Vax, 2,97 млн ​​доза - QazVac, 500 мың SinoVac сатып алынды.

Оның айтуынша, Sinopharm вакцинасының 4 миллион дозасы әне-міне келіп қалады деп күтілуде.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентімен 6 276 224 адам егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 63% құрайды. Екінші компонентті 4 913 196 адам қабылдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: