Қазақстан Қытай вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды
"СҚ-Фармация" "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде коронавирустық инфекцияға қарсы Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасының партиясын сатып алды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Sinopharm" компаниясы вакцинасының бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.
Содан кейін Hayat-Vax вакциналарының қалған саны халық арасында вакцинация алғысы келетіндер үшін қолданылады.
Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:
- 2021 жылғы 30 сәуіріне дейін 400 000 доза;
- 2021 жылғы мамыр айында 600 000 доза.
Алдын ала толтырылған шприцте немесе құтыда инактивацияланған "Sinopharm" Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинасы, сақтау шарттары +2 - +8 градус. 1 адамға вакцинаның 2 дозасын енгізу ұсынылады, екінші доза бірінші инъекциядан кейін 14 күннен соң жүргізіледі.
Өндірілген аймағы Gulf Pharmaceutical Industries Julphar, БАӘ;
Жеткізуші - "G42 MEDICATIONS TRADING" LLC;
SARS-CoV-2 (Vero Cell) субстанциясы WEB (Wuhan Bio-Institute Biological Products Co. Ltd) және BIBP (Beijing Bio-Institute Biological Products Co.. Ltd) негізінде өндірілген екі өндіріс алаңы да Sinopharm-ге тиесілі.