Қазақстандық шетелде лотореядан 1 млн доллар ұтып алды
Алайда ұйымдастырушылар сәтті билеттің иесіне хабарласа алмай отырғандарын жеткізді. Қазақстандық Хуссейн Еремешев есімді азамат ойламаған жерден Dubai Duty Free дүкені ұтысқа тіккен 1 миллион доллардың иесі атанды. Бұл жаңалықпен Gulfnews.com.басылымы бөлісті, деп хабарлайды Хабар 24.
Еремешев билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Оның бағасы 272 доллар шамасында. Қазақстандықтан бөлек 56 жастағы Үндістан тумасы да олжаға кенелді. Камаласанан Надар Васу 30 жылдан бері Дубайда тұрады. Ер адам ұтып алған қомақты қаржыны қарызын жабуға, кәсібін дамытуға және демалуға жұмсамайтынын айтқан.
Айта кетейік, осыдан 4 жыл бұрын Омар Самаликов шет ел аумағында өткізілген лотереядан 1 миллион доллар ұтып алған еді.