Жаңалықтар тізбегі
0

Калифорния тұрғыны лотереядан 522 млн доллар ұтып алды

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2018 15:54 www.24.kz
АҚШ заңнамасына сәйкес, жолы болған азамат ұтыстың жартысынан көбін бірден ала алады.

АҚШ-та Калифорния штатының тұрғыны Mega Millions лотерея билетінен 522 млн доллар ұтып алды. Бұл туралы лотерея сайтында жарияланды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бірақ әзірге бағы жанған адамның аты-жөні хабарланған жоқ. Айта кетейік, Mega Millions лотереясындағы ең үлкен ұтыс билеті 2012 жылы 656 млн долларды құраған.

Ал екінші ірі ұтыс – 648 миллион доллар көлеміндегі джекпотты Калифорния мен Джорджия штаттарының тұрғындары бөліп алған.

АҚШ заңнамасына сәйкес, жолы болған азамат ұтыстың жартысынан көбін бірден ала алады. Ал барлық соманы 20 жылдың ішінде бөліп-бөліп алуына тура келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: