Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы тұрғыны ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдырғаны үшін сотталды

Ол 2016-2019 жылдары өз компаниясы арқылы коммерциялық ұйымдарға 2 млрд теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазған.

Сурет : видеодан кадр15 Қыркүйек 2020, 15:58

ҚР ҚМ Қаржы мониторингІ комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалпы республикалық "Стоп - Обнал" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, Алматы қаласының екінші деңгейлі банктерінен ақшаны заңсыз жолмен қолма-қолға айналдыру деректерінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылы Департаментпен 63 қылмыс, оның ішінде ұйымдасқан қымыстық топ құру арқылы қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банкттерден қаражатты заңсыз қолма-қолға айналдырудың 2 фактісі анықталған болатын.

Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны жалған шот – фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.

Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-б. сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) кінәлі деп танылып 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жыл мерзімге айналыспау туралы шектеу қойылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер