Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да 12 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелері сотталды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 16:41 www.inform.kz
Топ мүшелері 2013 пен 2016 жылдар аралығында жалған есептік құжаттар жасап, коммерциялық ұйымдарға ұсынып отырған.

Оңтүстік Қазақстан облысында 12 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды. Оларға жалған құжат жасау арқылы салықтан жалтаруға қолғабыс еткен деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиевтің айтуынша, топ мүшелері 2013 пен 2016 жылдар аралығында жалған есептік құжаттар жасап, коммерциялық ұйымдарға ұсынып отырған.

«Жалған құжаттардың арқасында кәсіпкерлер қолдан шығынын көбейтіп жазып, салықты аз төлеп отырған. Осылайша мемлекетке 300 млн теңгеден аса ақша түспей қалады. Сот барысы кезінде айыпталушылардың жасаған қылмыстарына байланысты түрлі мерзімдегі жазалар тағайындалды. Топты ұйымдастырған екі адам 7 жылдан жаза арқаласа, 8 адам 5 жылдан аса мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Екі айыпталушы рақымшылыққа ілінген. Олар сот залынан босатылды»,- дейді судья Дәурен Мадалиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: