Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесі бойынша түзетулерді қарады

15 Қыркүйек 2020, 16:09
Сурет: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Заң жобасында ұлттық табиғи парктерден босалқы жерлер ретінде шығарылған қорық жерлерін ерекше қорғауға қайтару тетіктері қарастырылып отыр. Ұсынылып отырған өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи кешендер мен табиғи-қорық қорының нысандарын сақтауға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Палатаның қарауына екінші оқылымға шығару туралы шешім қабылдады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?