Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Түркістан облысы ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2020 21:07 Түркістан облысы ПД
"Mercedes Benz" маркалы көлік тас жолдың бойында кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткені анықталды.

2020 жылдың 15 қыркүйегінде Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Аслан Мамбетбаев хабарласып, екі ауыл арасындағы тас жолдың бойында дене жарақаттары бар белгісіз ер азаматтың мәйіті жатқанын жеткізген, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабарламаны алысымен жедел-тергеу тобы тез арада оқиға орнына бағыт алып, шұғыл жетті. Тексеру барысында полицейлер "Mercedes Benz" маркалы автокөлік тас жолдың бойында кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлiк оқиғасы болған жерден қашып кеткенін анықтады. Жол-апаты салдарынан алған дене жарақаттарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болған. Аталған жайтты полицейлер СДТТБТ-не тіркеді.

Соңы адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған көлік пен оның жүргізушісін ұстау мақсатында Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Тәртіп сақшылары ауыл-ауыл, көше-көшені аралап мұқият тексеру жұмыстарын іске асырды. Көрген-білгендерден сұрастырды. Осылайша жүргізілген шаралардың нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні "ізін суытпай" 3 сағат ішінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде көлік тәркіленіп алынып, айыптұраққа қойылды.

Тексеру барысында күдікті адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша автокөлікке тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған жайт Түлкібас АПБ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" және 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тіркелді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, ал жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан қашып кетпеуге кеңес береді.

Егер сіз жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: