Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер Қаскелең көпірінен секіріп өлейін деген масты "өлмеуге" көндірді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2020 22:56 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
42 жастағы тұрғынның бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотталғаны және өзін-өзі өлтіргісі келгені белгілі болды.

14 қыркүйекте Қаскелең қаласында учаскені патрульдеу кезінде № 186 борт экипажы Қарасай АПБ патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары полиция майоры Б.Жарқынбеков, ППР қызметінің инспекторлары полиция лейтенанттары Д. Жапаров және А. Айтен Қаскелең өзеніндегі көпір арқылы Жанғозин көшесінен келген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытта тәртіп сақшылары көпірдің қоршау бағанынан ары өткен ер адамға назар аударған. Полиция өкілдері жақындағанын байқаған ол жақын келмеуін, болмаса секіріп кететінін айтып, айғайлаған.

Айта кетейік, бұл тұста көпірдің биіктігі шамамен 25 метрді құрайды.

Жағдайды ушықтырып алмас үшін тәртіп сақшылары жақындамаған. Ер адам түсініксіз күйде еді, кейінірек оның ішімдік пен есірткіге масаң күйде болғаны анықталды.

Онымен сөйлесу кезінде оның 42 жастағы жергілікті тұрғын екені және оның бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотталғаны және өзін-өзі өлтіргісі келгені белгілі болды. Ер адамның жеке тұлғасын анықтағаннан кейін полиция дереу оның әпкесімен хабарласып, оқиға орнына шақырды. Оқиға орнына келген жақыны жұбайымен бірге ер адамға жақындап, құшақтаған кезде полиция қызметкерлері оны қауіпсіз жерге шығарып алды. Ол бірден айықтырғышқа жіберілді. Патрульдік наряд сауатты іс-қимылдау арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, өмірден баз кешкен адамның өмірін сақтап қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: