Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Павлодар маңынан көлік ішінде оқ тиген ер адамның денесі табылды

Кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Сурет : donday17 Қыркүйек 2020, 12:59

Павлодар қаласының шетінде көлік салонынан оқ тиген жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Павлодар-онлайн" хабарлағандай, кеше - 16 қыркүйекте сағат 21.50-де Павлодар қаласы, Жаңауыл ауылындағы базалардың бірінің аумағында Audi A6 автокөлігінің салонынан денесіне мылтықтың оғы тиген ер адамның мәйіті табылды. Марқұм 27 жаста болған.

Қылмыс жасағаны үшін ер адам қамауға алынды. Мылтық тәркіленді. Енді осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Павлодар қаласы ПД-ның уақытша ұстау изольяторына тоғытылды, деп хабарлайды полициядағылар.

Сондай-ақ, ПД-ның баспасөз қызметі тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын жеткізді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер