Каримованың халықтан тоналған байлығы тағы да жемқорлардың қалтасына түсуі мүмкін

cdni.rt.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 21:49 cdni.rt.com
Белсенділер Каримованың елге қайтарылған ақшасын реформаға жұмсауды талап етті.

Өзбекстандық адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділер Гүлнара Каримованың Өзбекстанға қайтарылған ақшасының талан-таражға салынуына жол бермеуін Швейцария үкіметінен сұрады, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Белсенділер үндеуі жарияланбас бұрын Швейцария Гүлнара Каримованың банк есебіндегі 131 млн долларын Өзбекстанға қайтаратынын хабарлаған. Адам құқықтары жөніндегі өзбек-неміс форумы бастамасымен жазылған ашық хат 16 қыркүйекте Uzbekforum.org сайтында жарияланды. Белсенділер Өзбекстанға қайтарылған ақшаның жемқорлықпен күрес жөніндегі реформаларға аударылуын қалайды.

Өзбекстандық адам құқықтарын қорғаушылар, журналистер және бұрынғы саяси тұтқындар үндеуде Швейцария үкіметінен ақшаның қалай, қайда қайтарылғанын ашық көрсетуін талап етті.

Хат авторлары өзбек үкіметі жемқорлыққа қарсы шешімді шаралар қолданған жоқ деп есептейді.

"Сол себепті өзбек халқының кезінде тоналған байлығы тағы да жемқорлардың қалтасына түсуі мүмкін" деп алаңдайды белсенділер.

2017 жылы Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованы он жылға соттады. Оған салық төлеуден жалтарды, ақша жымқырды, бопсалады, офшордағы компаниялардың құжаттарын жойды деген айыптар тағылды.

2019 жылы Каримова Ташкент облысындағы әйелдер колониясына түсті.

Каримова үстінен қозғалған үшінші қылмыстық іс бойынша ол тағы 13 жыл төрт айға сотталды. Тергеу нұсқасы бойынша, Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримова ұйымдасқан топты басқарып, 12 жыл бойы 51,1 млрд сумды (шамамен 5 миллион доллар) заңсыз иемденген.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: