Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматының денсаулық сақтау басқармасында тексеру жүргізілуде

Қандай баппен тергеу басталғаны айтылмайды.

Сурет : Алматы қаласының әкімдігі17 Қыркүйек 2020, 16:27

Алматының денсаулық сақтау басқармасында коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына байланысты тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров өз ведомствосына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенін растады. Олар Covid-19-ға қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына байланысты тергеу бастады. Тергеудің қандай баппен басталғанын ол айтпады.

- Рас, Covid-19-ға қарсы күреске бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға байланысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды деген нәрселер туралы ештеңе айта алмаймын. Бұл сұрақты тиісті құқық қорғау органдарына бағыттаған жөн. Ал денсаулық сақтау басқармасы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жұмысқа ешқандай шектеулер салынған жоқ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бюджет қаражатының дұрыс пайдаланылуын бақылау бойынша өз жұмыстарын атқарып жатыр. Біз алдымызға қала басшылығы жүктеген міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін өз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз, деді Камалжан Надыров.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер