Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирустың жаңа толқынына қарсы Телемедицина орталығы құрылды

Алматы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 22:42 Алматы ӨКҚ
Аталған орталықтың міндеті-COVID-19 вирусы ықтимал және расталған жағдайлары бар науқастарға кеңес беру және мониторинг жүргізу.

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыров мегаполисті коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына дайындау аясында жасалып жатқан шаралар туралы айта отырып, науқастардың медициналық кеңесті телемедицина көмегімен ала алатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол үшін Алматыда телемедицина Орталығы құрылды. К.Надыровтың айтуынша, аталған орталықтың міндеті-COVID-19 вирусы ықтимал және расталған жағдайлары бар науқастарға кеңес беру және мониторинг жүргізу.

"Бұл дәрігердің бейне-кеңесін алу мүмкіндігі бар COVID-19 вирусын емдеу бойынша жалғыз қызмет. Ол үшін МАЖ-мен интеграцияланатын бағдарламалық жасақтама әзірленуде. Телемедицина орталығының дәрігері бейне-кеңес жүргізеді, науқастың жағдайын бағалайды, емдеуді тағайындап, науқастың электрондық картасына өзгерістер енгізіп отырады. Бұл сонымен қатар барлық COVID-19 жағдайларының бірыңғай электрондық базасы", - деп түсіндірді К.Надыров.

Сондай-ақ, осы орталықтың маңызды функцияларының бірі – науқастардың карантиндік режимін сақтауын бақылау. Орталық қызметкерлері амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан науқастарға бейне қоңырау шалуды тұрақты түрде жүргізеді және науқастардың осы санаты өз үйінен кетпеуін және үйде барлық қажетті ем қабылдағанын қадағалайды.

"Үй режимінің бұзылуы анықталған жағдайда, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық Департаментіне тиісті сигнал беріледі, одан әрі қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай тәртіп бұзушыға айыппұл жазылады. Тәртіпті дөрекі бұзушыларға қаланың ковидті емханаларының біріне мәжбүрлі түрде жатқызу жөніндегі шаралар қолданылады. Бұл өте маңызды жайт, өйткені біздің міндетіміз - қалада инфекцияның таралу қаупін барынша төмендету болып табылады", - деп сөзін қорытындылады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: