Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Тұрғымбаев: Қазақстанда туристік полиция құрылды

ҚР ІІМ Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2019 21:35 ҚР ІІМ Баспасөз қызметі
Туристік полицияның басты міндеті – келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елімізде туристік полиция құрылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен туристік саланы дамыту тұжырымдамасы аясында ІІМ бастамасымен "Е-виза", "Е-қонақ үй" электронды базасын құру жөнінде ұсыныс жасалды.

Бүгінде 117 елдің азаматтары үшін электронды түрде рәсімделеді және мемлекеттік шекарадан өткен бойда автоматты түрде тіркеледі. "Е-қонақ үй" мәліметтер базасы шетелдіктердің тұратын жерінен есеп жүргізуге мүмкіндік береді және тіркелу үшін міндетті түрде полицияға келудің қажеттігі болмайды.

Өз кезегінде, шетелдіктерді және инвесторларды тарту үшін және шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын жаңа бөлініс – туристік полиция қамтамасыз ететін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2019 21:35

Туристік полицияның басты міндеті – келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бірінші кезеңде бұл бөліністер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2019 21:35

Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады және олар мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс, сондай-ақ тез тіл табысы білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болуы керек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2019 21:35

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жайлы климатты қалыптастыруда шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап көрсете отырып, шетелдік туристермен жұмыс барысында жекелеген полиция бөліністерін мамандандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды мақұлдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: