Қазақстан ҰОК ауыр атлеттердің жағдайына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ауыр атлетика спортшыларының төленбеген жалақыларына байланысты видеохабарламасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан ҰОК өз тарапынан бүгінде барлық ұлттық құрама мүшелеріне, соның ішінде, ауыр атлетшілерге де еңбекақыларын толық және уақытылы төлеп отыр. Спортшылар үшін ҰОК еңбекақысы табыс көздерінің бірі болып саналады. Басқа қаржыландыру көздері пандемияға байланысты өздерінің бюджеттерін қысқартты. Осыған орай, демеушілер тарапынан еңбекақы алатын ұлттық құраманың кейбір мүшелеріне төленбеу туралы мәселе бар. Бұл іс жүзінде бәрімізге ортақ мәселе. Бүгінгі таңда барлық мүдделі тараптар жағдайды шешу үшін жұмыс істеуде, - дейді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.
Сондай-ақ, бас хатшы ҰОК спорт федерациялары мен спортшылар алдындағы барлық міндеттемелерін орындайтынын және қазіргі уақытта оқу-жаттығу жиынын кезең-кезеңімен қайта жандандыруға көңіл бөліп отырғандығын атап өтті. Оқшаулау режимінде оқу-жаттығу жиынын қауіпсіз өткізу және бақылау мақсатында Қазақстан ҰОК тарапынан арнайы жедел штаб құрылды.
Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ҰОК спорттық базалардың жұмысына реттейтін ережелерді әзірлеп, оны іске қосты. Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты іс-шараларды әрі қарай қаталдату" туралы Қаулысына сай санитарлық-дезинфекциялы режимді сақтау жөнінде аккредитациядан өткен 29 спорттық базаның тексеріп шықты.
25 спорттық нысан оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат алды. Тағы төрт спорттық база ҰОК ережелері мен санитарлық дәрігердің жарлығымен өз нысандарын қалыпқа келтіреді.
Айта кетерлігі, бокс және дзюдодан әйелдер мен ерлер ұлттық құрама командалары оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Сонымен қатар, су добы мен қазіргі бессайыс бойынша ұлттық құрама команда жаттығуын жалғастыруда. Осы аптада қысқы спорт түрлері бойынша команда өкілдерінің ашық аспан астындағы жаттығу жиындары басталады деп күтілуде. Басқа да олимпиадалық спорт түрлерінен командалар бекітілген кесте бойынша жаттығу кезеңдерін бастайды.
Сондай-ақ, Андрей Крюков мемлекеттік тапсырма бойынша ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарының шығындары мен басқа да қаржылық міндеттемелері ҰОК тарапынан уақытылы және толық көлемде орындалатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, бас хатшының айтуынша, ұйымның негізгі міндеті спортшылардың денсаулығы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Себебі, әр спорт өкілдері қозғаушы күш, нағыз мотивация көзі болып саналады.