Тоқаев Жапонияның жаңа Премьер-министрін құттықтады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 23:56 Ақорда
Ол Жапония үкіметінің басшысына жұмысына сәттілік тіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Ёсихида Сугаға аса жауапты лауазымға сайлануымен құттықтап жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеделхатта жаңа Үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

"Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі салалардағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның Премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тілеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: