Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ұлттық Банк қаржы саласына білікті кадр дайындау үшін 42 грант бөлді

Нархоз университетіне 30 магистрант қабылданды.

Сурет : inform.kz18 Қыркүйек 2020, 12:14

Ұлттық Банк 2020 жылы "Назарбаев Университеті" ДБҰ-мен және "Нархоз Университеті" КЕАҚ-мен кадр дайындау жөніндегі бірлескен бағдарламалар шеңберінде 42 грант бөлді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бағдарламалардың негізгі мақсаты мемлекеттік басқару және қаржы саласы органдарына білікті кадр дайындау, дарынды жастарды қолдау және Қазақстанда қаржы саласындағы бейінді жоғары білім жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша және қабылдау комиссиясының шешімі негізінде 2020–2022 оқу жылына Назарбаев университетінің "Master of Science in Finance" бағдарламасына 12 магистрант қабылданды. Сонымен қатар, конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Нархоз университетіне "Қаржылық талдаушы", "Қаржылық тәуекел менеджменті", "Макроталдама және болжам", "Актуарий" бағдарламаларына 30 магистрант қабылданды.

"Ұлттық Банктің Нархоз университетімен ынтымақтаса отырып, 2003 жыл мен 2018 жыл аралығында "Қаржылық талдаушы", "Қаржылық тәуекел-менеджмент", "Актуарий" бағдарламалары бойынша 700-ден астам магистрант даярланды", – деп атап өтті Ұлттық Банктің Адам капиталын дамыту департаментінің директоры Шолпан Тоқбергенова.

"Сондай-ақ, 2017 жылдан бері Назарбаев университетімен әріптестік шеңберінде "Master of Science in Finance" бағдарламасы бойынша 39 магистрант оқудан өтті. Осы бағдарлама түлектерінің көпшілігі Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарына жұмысқа орналастырылды", – деді ол.

Оқу аяқталған соң бағдарлама түлектері үшін Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, сондай-ақ, ҚҰБ еншілес ұйымдарына жұмысқа орналастыру көзделген.

Бағдарламалардың мазмұны және оқуға қабылдауға қойылатын талаптар "Назарбаев Университеті" ДБҰ Жоғары бизнес мектебінің сайтында және "Нархоз Университеті" КЕАҚ Қолданбалы қаржы магистратурасының сайтында орналастырылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер