Жапония Қазақстан шекара қызметкерлеріне магистратурада оқу үшін грант бөлді
ҚазАқпарат
Үміткерге қойылатын талаптарды «Болашақ» бағдарламасының сайтынан оқуға болады.
Жапония шекара саласындағы жас қызметкерлерге магистратура бағдарламасы бойынша оқу гранттарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Болашақ» ҚР Президенті халықаралық стипендиясының сайтына сілтеме жасап.
Стипендиялық бағдарламада ДСҰ-ға мүше елдердің болашақ жас кеден қызметкерлерінің Жапонияның Токио қаласында орналасқан Аояма Гакуин (Aoyama Gakuin University) атындағы университетке магистратураға түсуіне мүмкіндік беріп, барлық шығындарды (жол ақысы, тұруы, қабылдануы, оқу ақысы) жабатын грант ұсынады.
Еске салайық, Қазақстан үш жыл бұрын ресми түрде ДСҰ-ға кірген еді.
Үміткерге қойылатын талаптарды «Болашақ» бағдарламасының сайтынан оқуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript