ОҚО-да балық броконьерлері ұсталды
ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері облыс аумағындағы су айдындарында уылдырық шашу мезгілінде балықтарды қорғау бағытындағы жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұл туралы otyrar.kz ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 4 сәуірі күні басталған «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер заңсыз балық аулаудың 117 дерегін анықтады. Соның ішінде 6 тұлға ҚР ҚК –нің баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 3 тұлғаның іс-құжаттары сотқа жолданды. Ал 103 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соның ішінде 8 тұлғаның әкімшілік материалдары сотқа жолданды. Жалпы 1 238 575 теңге айыппұл салынып, соның 721 500 теңгесі мемлекет қазынасына өнідірілді.
Балықтардың уылдырық шашуы кезінде оларды браконьерлерден қорғау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар барысында, 27.04.2018ж полицейлер Шардара су қоймасының жағалауында электр тоқ күшін пайдаланып заңсыз балық аулап жүрген жас жігітті қолға түсірді. Ұсталған азаматтан екі ескекті резеңке қайығы, насос, тоқ көбейткіш құрал және ауланған балықтар тәркіленді.
Аталған дерек Сарыағаш АІІБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің /балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау/ бабымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасын ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғастыратын болады.