Жаңалықтар тізбегі
0

Мектепке компьютер сатып алудың соңы да талан-таражбен тынбасын

Shutterstock, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 20:28 Shutterstock
Мектептерге компьютерлерді жергілікті атқарушы органдар сатып алып жатыр.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар еліміздегі мектептер мен колледждерге компьютерлік техника сатып алуда. Осыған байланысты мемлекеттік қаражаттың ашықтығы толық қамтамасыз етіліп, ұқыпты жұмсалуы қажет, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігімен арнайы ресурс дайындалып жатқанын айта кеткен жөн. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қазақстандық мектептер мен колледждерге техникалық жабдықтарды сатып алу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпарат орналастыра алады. Сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі білім бюджеті туралы басқа да ақпаратты көруге болады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Бюджеттік қаржыландыру және сатып алу мәселелеріне қатысты министрліктің ұстанымы мынадай: толық ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс және мемлекеттік қаражат ұқыпты жұмсалуы қажет. Мектептер мен колледждер үшін қаржыландыру мен сатып алуды әкімдіктер немесе білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер) жүзеге асырады. Мұны бәрі біле бермейді. Қазіргі уақытта мектептерге компьютерлерді жергілікті атқарушы органдар сатып алып жатыр. Сатып алу процедурасы ашық жүргізілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, материалдар мен фотосуреттерді Арнайы мониторингтік топ мүшелеріне беру қажет", – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Сондай-ақ "Атамекен" ҰКП, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігімен жабдықтарға, сервистік қызмет көрсетуге, кепілдіктерге, сонымен қатар басқа да аспектілерге қойылатын ең төменгі талаптар келісіліп, ұсынымдар ретінде жергілікті атқарушы органдарға жіберілгенін естеріңізге саламыз.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімдіктерге техникалық жабдықтарды жеткізушілерді іріктеу барысын қоғам белсенділерімен, Арнайы мониторингтік топ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастыруды ұсынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: