Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысының прокуратурасы 3,7 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың күшін жойды

Ұлытау облысының прокуратурасы 3,7 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың күшін жойды., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 10:39 Сурет: gov.kz
Ұлытау облысы прокуратурасының органдары сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын заңсыз мемлекеттік сатып алуларды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының прокуратурасы ағымдағы жылдың басынан жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген, жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған және әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздеген.

Мысалы, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған.

Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде).

Сонымен қатар тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісім шарт жасасуды жоспарлаған.

Алайда, мұндай жұмыстар мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар тізіміне кірмейді.

Басқа жағдайда, Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 млн теңгеге негізсіз жоғарылатқан.

Прокурорлардың наразылығымен заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау қызметінің бұл бағыты Ұлытау облысы прокуратурасының үнемі ерекше бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: