Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деп күдікке ілінген екі сот тергеліп жатыр

Бірі - Алматы, екіншісі Қызылорда облыстарының соты.

Сурет : kstnews.kz18 Қыркүйек 2020, 16:18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі қазақстандық судьяға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

7 қыркүйекте Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке тұлғаның пайдасына сай сот актісін жасап бергені үшін аса ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінген. Тергеу әлі жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттегілер.

Қызылорда облысында да тағы бір осындай жағдай. Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдікке ілінді.

- Ол ресми құжаттарға жалған ақпарат енгізу арқылы бірнеше азаматтық істер бойынша қасақана әділетсіз шешімдер қабылдады деп күдіктеледі. Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды, - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер