Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәйтерек" холдингі мен Satbayev University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бәйтерек, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 22:37 Бәйтерек
"Бәйтерек" холдингі ҚазҰТЗУ-мен 2018 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Бүгін Алматы қаласында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптардан қол қоюшылар Холдинг Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов пен ЖОО ректоры Искандер Бейсембетов болды.

"Бәйтерек" холдингі ҚазҰТЗУ-мен 2018 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, "Нұрлы жер" және "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында "Нұрлы жер" Ахуалдық орталығы мен Жергілікті атқарушы органдардың порталы бірлесіп әзірленді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 22:37

Біздің бірлескен шешімдеріміз "Бәйтерек" холдингіне "онлайн" режимінде заманауи техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлердің құрылысын, қаржыландырылуын және сатылуын бақылауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті "Бәйтерек" холдингінің басшысы.

Ахуалдық орталық базасында Холдинг Құрылыс материалдарының маркетплейсін құруды жоспарлап отыр. Бұл тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуге және қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Тараптар университеттің бірлескен технологиялық шешімдері мен ғылыми қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және қолдауға ниет білдірді. Бұдан басқа, ынтымақтастық оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуды, сондай-ақ "Бәйтерек" холдингінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Университет студенттері мен түлектерінің өндірістік практикасын өткізуді көздейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 22:37

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: