Жаңалықтар тізбегі
0

«Бәйтерек» холдингі мен Сбер Қазақстандағы еншілес банкті сатып алу-сату жөніндегі мәмілеге қол қойды

Байтерек холдингі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2022 15:43 Сурет: baiterek.gov.kz
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбербанк Қазақстандағы («Сбербанк» АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сбербанк қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады. Сбербанк - Қазақстан өтімділіктің жеткілікті қорына, жоғары сапалы кредиттік қоржынына ие және көп жыл бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі, - делінген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі хабарламасында.

Сбербанк Қазақстанды сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, «Бәйтерек» холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңызын бағалады.

Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде Банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді. Банк өзінің клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады, - делінген холдинг хабарламасында.

Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр.

Қазақстан нарығында клиенттермен өзара іс-қимылдың 15 жылдан астам тәжірибесі жинақталған Сбербанк Қазақстан қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастыратынын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: