Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды

gazeta.uz gazeta.uz
Бұған дейін Қарақалпақстан автономиялық республикасының Жогорку Кеңешінің төрағасы мен Бұхара облысы әкімі коронавирустан көз жұмған.

Өзбекстанның вице-премьер-министрі Уктам Барноев 56 жасында көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдар мәліметіне қарағанда, шенеунік коронавирус жұқтырып, инсульт алған. Оны емдеу үшін Германияға жеткізіліп, бірақ сол жақта қайтыс болған.

Бірақ ресми бұлақтар мұндай мәліметтерді жарияламады.

Марқұмды Бұхараға жерлеу рәсімі жүргізіліп жатқаны, президенттің Бұхараға баратыны хабарланды. Барноев 2016 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың ақпанына дейін Бұхара облысының әкімі болған. Кейін үкімет басшысының аграрлық және азық-түлік саласы бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Осыған дейін Өзбекстанда Қарақалпақстан автономиялық республикасының Жогорку Кеңешінің төрағасы, Олий Мажлис сенаты төрағасының орынбасары Муса Ерниязов пен Бұхара облысы әкімі Карим Камолов коронавирустан көз жұмған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус 51 235 адамға жұққан. Оның ішінде 47 271 науқас айығып, 429 адам қайтыс болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз