Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Елімізде 1200 адам іс-түссіз жоғалғандар қатарына жатады

Көбіне ер адамдар жоғалады.

Сурет : Oxu.az21 Қыркүйек 2020, 13:13

Қазақстанда 1200 адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция басқармасының бастығы Думан Таев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазіргі уақытта 1200 жоғалған адам бар, оның 22-сі - балалар. Көбінесе ер адамдар жоғалады, бұл олардың іссапарларға және басқа аймақтарға маусымдық жұмыстарға және түрлі рейстерге, мәселен көлік жүргізу, тауар тасымалдау кезінде болған сапарларымен байланысты. Әйелдер көбінесе алкогольді ішімдікке салынып, қаңғып кетіп, жоғалады, - деді Таев Ішкі істер министрлігінің брифингінде.

Жасөспірімдерге келсек, көбіне қолайсыз отбасылардың балалары жоғалады.

- Олардың кетуінің негізгі себептері - ата-аналарымен арада болған жанжалдар, алкогольдік ішімдікке салынғандықтан (ата-аналары) отбасымен бірге өмір сүргісі келмейді.

Криминалдық полиция басқармасы бастығының айтуынша, 100 жағдайдың 80-нен астамында жоғалып кеткен азаматтар табылып, туыстарына қайтарылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер