Теміртауда іс-түссіз жоғалғандардың тізімінде болған ер адам асулы күйінде табылды

большой-сонник.рф, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2019 23:25 большой-сонник.рф
Мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Теміртауда бұрын іс-түссіз жоғалғандардың тізімінде болған ер адам ағашқа асулы күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"25-ші ақпан күні полицияға Теміртау қаласының 30-жастағы тұрғыны хабарласып, Нижняя көшесіндегі ағаш екпелерінде белгісіз азаматтың мәйіті тұрғаны туралы хабарлаған. Жедел-тергеу тобымен азаматтың тұлғасы анықталып, бұрын іс-түссіз жоғалғандардың тізімінде болған 29-жастағы қала тұрғыны екендігі белгілі болды",- деп хабарлап отыр полиция өкілдері.

ПД таратқан ақпаратқа сәйкес, мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: