Жоғалған 7 жасар қыз көшеде тоңазытқыштан өлі күйінде табылды
Baq.kz
Баланың денесінен жәбірлеп өлтіру ізі табылмаған.
Іздестіріліп жатқан ресейлік 7 жасар қыз Кемеров облысы Белово қаласында көшеде тұрған тоңазытқыштан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Baq.kz Тергеу комитеті аймақтық басқармасына сілтеме жасап.
Баланың денесінен жәбірлеп өлтіру ізі табылмаған. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында соттық-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеушілер қыз далада ойнап жүріп тоңазытқышқа кірген, кейін ішінен шыға алмай қалған деп болжады.
«Алайда тергеу барысында барлық нұсқа қаралатын болады», - деп қосты ведомстводағылар.
Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні қыздың жоғалғаны туралы әкесі хабарлаған болатын. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, іздестіру жұмыстарына мыңдаған адам қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript