Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Атырауда пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 2 млрд теңге төленді

Еске сала кетелік, пандемия салдарынан Атырау облысында 13 медициналық қызметкер көз жұмды.

Сурет : polis812.ru17 Қыркүйек 2020, 13:15

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, бұл наурыз бен тамыз айлары аралығын қосқандағы көрсеткіш.

Облыс бойынша, коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған медициналық қызметкерлер саны - 1085. Оның ішінде, коронавирус жұқтырған 561, ​ вирустық ​ пневмония диагнозымен 524 медициналық қызметкер тіркеуге алынды. Бүгінгі күні 79 медицина қызметкерінің әрқайсысына ​ 2 миллион теңгеден үстемақы төленді. Көз жұмған екі медицина қызметкерінің отбасының әрқайсысына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасады» дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, пандемия салдарынан Атырау облысында 13 медициналық қызметкер көз жұмды. Оның алтауы коронавирустан, жетеуі вирустық пневмония салдарынан өмірден озды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер