Коронавируспен күреске тағы 2 млрд теңге бөлінеді

Liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 18:49 Liter.kz
Қосымша шығындар біздің азаматтарды, студенттерді індет ошағынан алып шығуға байланысты туындаған.

Қазақстан коронавируспен күресуге бюджеттен қосымша 2 миллиард теңге бөледі. Бұл туралы Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазақстан коронавируспен күресуге қосымша 2 миллиард теңге бөледі. Қазір қосымша шығындар жоспарға қосылды, біздің азаматтарды, студенттерді алып шығуға байланысты. Бұл - мемлекеттік резервтен алынатын жоспарланған сома, - деді Смаилов.

Ол мемлекеттік резервтен бөлінген қаражат коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмектер, сондай-ақ медициналық бетперделер, дене қызуын анықтайтын құрылғылар және басқа да жабдықтарды сатып алуға жұмсалғанын айтты.

Алдында қазақстандықтарды коронавирустан қорғауға ел қазынасынан1,5 млрд теңге бөлінген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: