Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мамин тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша тапсырмалар берді

Үкімет басшысы жылдың соңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қоғамдық ұйымдар бірлестігін құруды тапсырды.

Сурет : primeminister.kz22 Қыркүйек 2020, 10:56

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, "Атамекен" ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндады, Жоғарғы соттың судьясы А. Түкиев пен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы М. Әбенов түсініктеме берді.

2020 жылдың 8 айында Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне қызметтер мен тауарлардың сапасына қатысты шағымдармен 8 мыңнан астам өтініш келіп түсті, олар бойынша тұтынушылардың 80%-ның құқықтары қорғалды (6 400 өтініш). Биылғы маусымда үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құруға ықпал ететін заңнамалық түзетулер қабылданды.

Премьер-Министр тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қазақстандық жүйесі "тұтынушы – қоғамдық бірлестік – мемлекет" өзара іс-қимыл жасау байланысы нақты құрылған шетелдік озық тәжірибені ескеруі тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте азық-түлік саласына, медициналық қызметтерге, ТКШ, фармацевтикалық тауарларға, сондай-ақ туризмге ерекше назар аудару қажет.

"Сапасына кепілдік беруге болатын өнімдерді өндіруге, бақылау мақсатындағы сатып алу механизімін пайдалануға, адал жарнама мен маркетингке бағытталған саясат жүргізу қажет", – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қоғамдық ұйымдар бірлестігін құруды, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар базасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Ұлттық экономика, сауда және әділет министрліктеріне нормативтік-құқықтық актілер жобаларының тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұрғысынан реттеушілік әсеріне талдау жүргізу бойынша міндетті талапты қарастыру тапсырылды. Бұған қоса, осы актілерді әзірлеуге қоғамдық кеңестердің құрамында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету керек.

Сауда министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) тұтынушылар тарапынан қанағаттану және сенім деңгейін бағалауды қосу тапсырылды.

"Атамекен" ҰКП-ға Ерікті іскерлік тәжірибе ережелерінің жиынтығын және тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын ескеретін үлгілік шарттарды қабылдау, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсарту үшін бизнесті ынталандыру шараларын пысықтау тапсырылды.

Премьер-Министр 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер