Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин: Президент тапсырмалары қажетті қаржыландырумен қамтылып, уақтылы орындалады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2020 17:48 primeminister.kz
Үкімет басшысы әкімдерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа Жұмыспен қамту жол картасын уақытылы әрі тиімді іске асыруды, әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалымен өткен селекторлық отырыста Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджеті, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы басым міндет жұмыспен қамту екенін атап өтті. Жаңа "Жұмыспен қамтудың жол картасын" қаржыландыру 1 трлн теңгеге ұлғайтылды, бұл 240 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұған жобалар іске асырылатын кезде құрылатын уақытша жұмыс орындары ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құру да кіреді.

"Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру инфрақұрылымды жаңғырту мен тиімді активтерді құрудың негізі болуы тиіс, олар болашақта өсу мен дамуға негіз болады", — деді А. Мамин.

Премьер-Министр кәсіпкерлерді қолдау үшін салықтық жеңілдіктер қабылданғанын айтты. Олар экономиканың түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде: сауда, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй және туристік бизнес, сондай-ақ қызмет көрсету секторының басқа да салалары бар. Салықтан босату және мөлшерлемелерді төмендету түрлі мерзімге және 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолданылады.

Әлеуметтік төлемдерді алушылардың қатары артады, оның ішінде жұмысынан айырылған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз кейбір топтары бар. Шамамен 3 млн қазақстандық 42500 теңге мөлшерінде төлемақы алатын болады.

Көп балалы отбасыларға, жұмыссыздарға тұрақты негізде тұрмыстық азық-түлік жиынтығы тегін берілетін болады. Бұл шарамен 800 мыңнан аса адам қамтылады.

Үкімет басшысы әкімдерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа Жұмыспен қамту жол картасын уақытылы әрі тиімді іске асыруды, әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етіліп, уақытылы орындалатын болады", — деді А. Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: