Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Нұр-Сұлтанда қанды қырғын жасаған ер адам ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сурет : fin.az22 Қыркүйек 2020, 11:22

Нұр-Сұлтанда жедел-іздестіру шаралары кезінде үш адамды пышақтап, жарақат салған 30 жастағы астаналық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Танысына үйіне барып, арақ ішіп отырғанда оған үй иесінің кішкентай ұлымен сөйлескен мәнері ұнамай қалған. Бала тәрбиесі бойынша өзара дауласқөан екеуінің бірі ас үй пышағын алып, екіншісіне үш рет сілтеген, - дейді полициядағылар.

Пәтерден жүгіріп шыққан ол баспалдақтағы алаңда үй иесінің көршісіне соғылып қалады, қылмыс орнынан тез ізін суытқысы келген ол оның қарнына да пышақ сұғып, осы кезде шуды естіп, сыртқа шыққан оның әйелінің де қолын пышақпен жарақаттайды.

- Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері ауыр қылмысқа қатысты күдіктінің қашып кетуіне жол бермей, оны 15 минут ішінде қамауға алды, деп атап өтті елордалық ПД.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның бұрын осындай қылмыс бойынша сотталғаны анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер