Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада арнайы операция өтті. Есірткі саудасымен айналысушылар ұсталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2020 17:37 Pixabay
Олар Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтанда арнайы операция кезінде есірткі сатушылардан тұратын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- "Карасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде есірткіні астанаға жеткізуді және сатуды ұйымдастырып, "тұрақты арна" ашқан қылмыстық топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойылды, - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Олжас Жарылғапов.

Елорда аумағында есірткі сатпақ болған, есірткі қылмысы үшін бұрын сотталған 27 жастағы күдікті ұсталды, оның автокөлігін тінту кезінде сатуға дайындалған, жалпы салмағы 500 грамнан асатын "гашиш" оралған сіріңке қораптары алынды. Сондай-ақ, көліктің ішінде бұрын сотталған 24 жастағы азамат болған, одан да тексеріс кезінде "гашиш" тәркіленген.

Елордаға есірткінің негізгі жеткізушісі болған оның сыбайласы да ұсталды. Ол бұрын сотталған 34 жастағы Жамбыл ауданының тумасы болып шықты. Оның пәтерін тінту кезінде оқ-дәрілері бар тіркелмеген травматикалық қару, есірткі өлшейтін электронды таразы және есірткі қолдануға арналған 5 құрал алынды. 2 миллион 150 мың теңге көлемінде ақша, "гашиш" салынған 3 полиэтилен пакет және сатуға дайындалған 265 сіріңке қораптарындағы есірткі табылды, - деп хабарлады қалалық ПД.

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 6 келіден астам немесе 3000-нан астам бір реттік пайдалануға арналған "гашиш" алынды. Бұлардың жабайы базардағы бағасы шамамен 9 миллион теңгені құрайды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде елордаға қылмыстық есірткі жеткізу тізбегіне басқа қатысушыларды да анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Ұсталған адамдардың іс-әрекеттеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі және 297-баптың 3-бөлігі бойынша 7-ден 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Олар Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: