ҰҚК астанада арнайы операция жүргізді
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұсталғандар Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Нұр-Сұлтан департаменті этникалық қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл жігіттер бизнес ортаның өкілдерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- 10 қыркүйекте елордада арнайы операция жүргізіліп, оның барысында аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері бір кәсіпкерден Toyota көлігін алғаннан кейін ұсталды. Олар көлікті кәсіпкердің мойнына негізсіз ілген қарыздың қайтарымы ретінде тартып алды, - делінген хабарламада.
Ұсталған кезде күдіктілерден 11 патроны бар Макаров жауынгерлік тапаншасы және 5 патроны бар травматикалық тапанша табылды. Ұсталғандар Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript