Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ақтөбедегі үш оқушы қыздың төбелесі: Орамалдағы қыз кешірім сұрады

Полиция бұл факт бойынша тексеру басталғанын айтты.

Сурет : видеодан алынды22 Қыркүйек 2020, 12:23

Ақтөбе облысында тоғызыншы сыныптың үш оқушы қызы төбелесті. Полиция тексеруді бастады. Ал желіде құқық бұзушылардың бірі таяқ жеген қыздан кешірім сұраған видеосы тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

- Шашыңнан тартқан шығармын. Аяғына бірдеңе тығып алған шығармын. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ашумен адам не істемейді. Мұны кез-келген адам ашумен жасай алады. Кешіріңіз. Мен бәріне кінәлімін, бәріне мен жауаптымын. Бұл қыздар айналада жүрген, олардың бұған қатысы жоқ, - дейді орамалдағы қыз видеода жылап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оқушы қыздар арасындағы төбелестің видеосы пайда болған. Жанжал Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында болды. Видеода екі қыз бір-бірінің жағасын ұстап тұр, сөзбен шүйліккен екеудің бірі екіншісінің шашынан ұстап, жер сүйрете сүйрейді. Екінші видеода жеңілген қызды үшінші қыз тізесімен келіп басады.

Полиция бұл факт бойынша тексеру басталғанын айтты. Олардың айтуынша, қыздар дүрдараздықтың салдарынан сыныптасын ұрып-соққан және болған жағдайдың барлығын телефонға түсірген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер