Желіде жамбылдық бір топ кәсіпкердің атынан жалған хабарлама тараған

Ашық дерекөздерден алынды Ашық дерекөздерден алынды
"Атамекен" ҰКП тізіміндегі кәсіпкерлерге телефон шалып, олардың бұл хатқа қатысы жоқтығын анықтаған.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа бойынша айыптап отырған жамбылдық кәсіпкерлердің үндеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Атамекен" ҰКП-ға Жамбылдың бір топ кәсіпкері ҚР Президенті Әкімшілігіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдаған үндеуіне қатысты БАҚ-тардн сауалдар келіп түсіп жатыр.

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы аталған кәсіпорындардың басшыларына телефон шалып, олардың бұл үндеуге қол қоймағанын, өздерінің кәсіпорындарының атын әлеуметтік желілерде жарияланған хаттан бір-ақ көргендерін анықтады.

Осы аптаның соңына дейін, Жамбыл облысының РПП алаңында осы хатта көрсетілген кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілетті мемлекеттік органдарының қатысуымен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Кездесудің қорытындысы бойынша брифинг өтеді, деп хабарлады Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

"Атамекен" ҰКП шалынған қоңырау нәтижелері, хаттың мазмұны және стилистикасы оны фейк деп санауға негіз бола алатынын айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз