Қазақстандықтар Әлихан Смайыловтың атынан хабарлама алып жатыр

Қазақстандықтар Әлихан Смайыловтың атынан хабарлама алып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 10:32 Сурет: primeminister.kz
Алаяқтар өздерінің алдау схемаларын жетілдіріп жатыр және бұл олардың жоғары лауазымды шенеуніктердің атын бірінші рет пайдалануы емес. Қазақстандықтар енді Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтан хабарлама "алып жатыр", деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғарғы есеп палатасы баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берді.

"WhatsApp мессенджерінде Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың атынан жалған ақпараттық хабарлама таратылып жатыр. ҚР ЖЕП баспасөз қызметі бұл әрекеттерді интернет-алаяқтар жалған нөмірлерден таратып жатқанын хабарлайды. Азаматтарды осы тұлғалармен байланыспауды және күмәнді веб-ресурстардың сілтемесіне өтпеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: