Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысы әкімі қоғам белсенділерімен бірге Жайық жағалауын қарап шықты

Алматы УВП, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2020 22:56 Алматы УВП
Жағалаудағы құрылысы-монтаж бен абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар сын айтқан облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов жұмыстың сапалы болуын ескертіп, кейбір олқылықтарды түзеуді тапсырды.

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қоғам белсенділерімен, сондай-ақ жауапты сала мамандарымен бірге Атырау қаласындағы Жайық өзені жағалауын абаттандыру жұмысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жағалауды абаттандыру жұмыстары Атырау қаласындағы Бейбарыс көпірінен Жастар саябағына дейін жүргізіледі. Қаланың еуропа бөлігіндегі 7,86 гектар аумақты қамтыған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүретін аумақтың жалпы ұзындығы - 1861 метрді құрайды.

Қазіргі уақытта жағалаудың жаңа учаскесінде Атырау қаласының көркем символдары, "Шаңырақ" архитектуралық үлгіде жасақталған аумақ, балаларға арналған және денешынықтыру, жүгіру, демалыс алаңдары, орындықтар мен күркелер орналастырылған. Пирс пен жағажай аумағы да абаттандырылады деп күтілуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2020 22:56

Жағалаудағы құрылысы-монтаж бен абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар сын айтқан облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов жұмыстың сапалы болуын ескертіп, кейбір олқылықтарды түзеуді тапсырды. Өйткені, атыраулықтар мен қонақтар серуендейтін ең көрікті орындардың бірі ешбір қолайсыздық тудырмауы тиіс.

Ал жағалауды арбасымен аралап шыққан қоғам белсендісі Гүлнәз Қосмұрзиева жағалаудағы жүгіруге арналған, велосипетпен жүруге және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың көңілінен шыққанын айтады. Бірақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларын арбамен серуендететін аналарға да қолайлы болу үшін бірнеше ұсыныстарын мердігер компанияға жеткізді. Олар оның жуық арада орындалатынын жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2020 22:56

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары НКОК компаниясының қаржыландыруымен жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: