Қазақстан Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құруды ұсынады

Әлемді жаулаған жаһандық пандемияға байланысты биологиялық қаруды бақылау жүйесін әзірлеу және іске қосу мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып отыр.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында есеп беретін арнайы көпжақты орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынады. Бұл органның қызметі Бактериологиялық (биологиялық) және улы қарудың мол қорын дайындауға, өндіруге тыйым салу және оларды жою туралы 1972 жылғы конвенцияға негізделеді", - деді Президент.
Бөлісу
0
Толық оқу