Жаңалықтар тізбегі
0

Данэлья Төлешова America's Got Talent шоуының ақтық сынында сүрінді

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2020 16:02 Instagram
Америка жұртшылығы қызыл сөздің шебері, оратор Брэндон Ликті үздік деп шешкен. Жеңімпаз 1 миллион доллар сыйақы түрінде жүлдеге ие болды.

Данэлья Төлешова America's Got Talent шоуында ақтық мәреге дейін жетіп, ең соңғы шешуші кезеңде жеңіске жете алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көрермендердің дауыс беру нәтижелері бойынша атақты шоудың жеңімпазы анықталып, ол бірнеше сағат бұрын жарияланды. Америка жұртшылығы қызыл сөздің шебері, оратор Брэндон Ликті үздік деп шешкен.

Жеңімпаз 1 миллион доллар сыйақы түрінде жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, шоудың ақтық кезеңі кеше Лос-Анджелесте өтті. 14 жастағы әнші Sia-ның "Alive" әнін орындады.

"Білесіз бе, сіз барлық әншілердің ішінде ... және сіз әлі баласыз ғой, бірақ ең тәжірибелі, өз-өзіне ең сенімді және өз орныңыздан үнемі жарқ етіп көрінесіз. Бұл кеште әншілер үшін өте қиын болады дер едім. Бұл - шындық, өйткені сіз керемет орындаушылармен бәсекелесіп жатырсыз. Бірақ балалар, бұл - жарыс. София айтқандай: "Америка, бүгін таңдаудың бізге түсіп тұрмағанына өте қуаныштымыз", - деп түсіндірді қазылар алқасының мүшесі Хоуи Мэнделл.

Бүгін Данелия конкурстан тыс танымал американдық әнші және композитор Ава Макспен бірге өнер көрсетті.

"Егер алтын батырма болғанда, мен оны Данэлья үшін басар едім", - деді София Вергара соңғы кезеңде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: