Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

17 жасында қыстаққа тап болып, 22 жылдан кейін құлдықтан босаған Мәдина әділдік іздеп жүр

Қожалықта жүріп ол бір қыз және екі ұл баланы дүниеге әкелген.

Сурет : видеодан алынды24 Қыркүйек 2020, 11:07

Жетімдер үйінен түлеп ұшып шыққан қыз 17 жасында ниеті бөтендердің қолына түсіп, 22 жылын тау-тастың арасында құлдықта өткізген. Қыстауда ауыр жұмыс істегені аздай, зорлық-зомбылыққа да ұшырап, бала да туған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бірақ құлдықтан босап шыққан Мәдина Аманбаева енді фермерлердің өзін күшпен ұстағанын дәлелдей алмай, әділдікке қол жеткізе алмай жүр. Қанау бойынша қозғалған істің соңы сұйылып кеткен. Бұл - жалғыз жағдай емес, мұндай бізде көп, - дейді құқық қорғаушылар. Олардың айтуынша, бір ғана Қарағанды ​​облысында бір жылда заңсыз бас бостандығынан айыру немесе адам сатумен байланысты 5 қылмыстық іс сотқа жетпей жабылған. Белсенділер полиция қызметкерлерінен қыстауда адамдарды өз еркінен тыс ұстап, қанайтынын мойындауды және мұқият тергеу жүргізуді талап етеді", - дейді Астана теларнасының тілшісі.

Мәдина Аманбаева, 39 жаста, 22 жыл құлдықта болған:

- Көрген күнім өте нашар болды. Олар мені еркектердің астына салып беретін, ұрып-соғатын, ыстық шәйнекпен күйдірді, таяқтап, бүйрегімнен тебетін. Кімдер дейсіз бе? Қожалықтың қожайыны мен әйелі. Одан кейін бір бауырлары тағы бар.

Бірде әйел қыстақтан қашып шыққан, 30 шақырымды артқа тастап, трассаға да жеткен. Бірақ оны ұстап алып, қожалыққа қайта қайтарған. "Бұдан кейін жағдайым одан сайын нашарлап кетті" деп еске алады өткенін қарағандылық әйел кемсендеп. Содан соң бір қыз және екі ұлды дүниеге әкелген. Ақыры бағы жанып, бір күні қыстаққа адам саудасы бойынша ведомствоаралық комиссияның өзі сау ете түседі.

Оксана Тарабукина, "ҚАЙСАР" қоғамдық ұйымның төрағасы, Облыс әкімдігі жанындағы Адам саудасы жөніндегі ведоствааралық комиссияның мүшесі:

- Үстінен түскенде, басында оның не әйел, не ер адам екенін ажырата алмадық. Өйткені оның үсті-басы кір-кір еді. Қолын күс басқан, ал алақаны қырғыш темір секілді қап-қатты, өйткені күніне 15 сиыр сауады екен. Жалпы саны 30 адам болды, оларды қорлап, әбден езгіге салған. Қанау фактісін дәлелдеу үшін осының бәрі жеткіліксіз бе?

Мәдина осы жылдың мамыр айында полицияға шағымданып, масқара фактінің бетін ашқан. Алайда, қыстақ иелері оның барлық айыптауларын жоққа шығарды. "Ақша төледік. Оларды қамап ұстаған жоқпыз. Кетеміз десе кетіп қалуларына болатын еді", - деді. Содан соң "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бабы бойынша іс тоқтатылды. Құқық қорғаушылар полиция тұтқынның жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан қыстақтан кету мүмкін еместігін ескермегенін атап өтті.

Оксана Тарабукина:

- Сонда қызық қой, егер айдалада адамның аяғына тұсау салып, қамап ұстамаса, ол қылмысқа жатпай ма? Ал оның еңбегін қанау ше? Дене жарақатты, физикалық-психологиялық жағдайы ешқандай дәлел бола алмай ма? Неге осы фактілер бойынша тергеу жүргізілмейді. Біз жәбірленушілердің құқығын қорғауымыз керек бұл арада, керісінше емес.

Мәдина АМАНБАЕВА, құлдықта болған адам:

- Бір рет қашқанмын. Ол кезде балаларым жоқ еді. Ұстап алып, қайта алып келді. Одан соң қаша алмадым. Өйткені балаларымды қалай тастап кетемін.

Комиссия мүшелері мұндай жағдайларда "Адам саудасы" бабын қолдануды талап етеді, өйткені олар адамды сатып алу және қанау болды деп санайды. Жақында Мәдина Аманбаеваның ісін тергеушілер қайта қолға алды. Оның соңы не болатыны әлі белгісіз. Ал әйел жаңа өмір бастауға тырысып жатыр. Аспаз мамандығын игеруде, ақшамен ұстауды үйренуде. Ұлдары да анасына "мама" деп айтатын болған. Отбасы қамқорлық пен баспанаға зәру, бірақ Мадина бәрі ойдағыдай болады деп санайды. Өзі балаларына міндетті түрде велосипед сатып алып беремін деп қояды. Өйткені бұл сол күйі орындалмаған өзінің бала арманы еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер